Үкімет қосымша құн салығы өссе жәрдемақы, зейнетақы мен жалақыны көбейтеміз деп уәде берді

Автор: Бақыт Шынар

Бұл уәдені бүгін премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті

Фото: primeminister.kz

Егер Қазақстанда қосымша құн салығы өссе, азаматтардың жалақысы, жәрдемақысы, зейнетақысы мен атаулы әлеуметтік көмегі өседі. Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Егер қажет болған жағдайда, біз атаулы әлеуметтік көмек, жалақы, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтеміз», - деді Жұманғарин.

Айта кетейік, бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов үкімет атынан сөйлеп, Қазақстанда қосымша құн салығын қымбаттату керек деген ұсыныс айтқан болатын.