Бағдат Мусин мен Әділхан Қопабаев Қазақстанда атақты Apple дүкенін ашуға күш салып жүр

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы экс-министр әәлеуметтік желідегі парақшасында жазған

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін хабарлағанымыздай, Әділхан Қопабаев Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалған тұңғыш қазақ атанды. Экс-министр Бағдат Мусин Қопабаевтың бұл тағайындауына қатысты пікір білдіре келе, ол екеуінің үлкен жоспарлары туралы айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бағдат Мусиннің айтуынша, Әділхан Digital Nomads қоғамдастығының мүшесі болған және тікелей министрлікте жұмыс істемесе де кезінде осы қоғамдастықтың президентпен кездесуіне көп ат салысқан.

«Жауапкершіліктен қашпайтын дәл осындай адамдар жетістікке жетеді. Ал, энергетика министрлігінде жұмыс істеген екі жыл ішінде Әділхан талай жобаның басын қайырды. Сондықтан, Әділхан Apple компаниясындағы бұл лауазымға әбден лайық адам. Есімде, Әділхан екеуміз Қазақстанда ресми түрде Apple дүкенін ашуға қатысты мәселені көп қозғайтын едік. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жақын болашақта оған да жетеміз деген ойдамын», - деп жазды Мусин.