Премьер-министр жұмысшыларға қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Сондай-ақ кеңесте президенттіғ Ana tili газетіндегі сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Үкіметтің дерегіне сүйенсек, бүгінгі кеңесте «Отбасы банкін» даму институтына айналдыру және саланы одан әрі дамыту үшін жеке қаражат тарту жөніндегі жұмысты жандандыру тәсілдері қаралған.
«Сондай-ақ жеңілдікті бағдарламаларды қаржыландыру, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерін қолдау және жаңа өнімдерді шығару бойынша ұсыныстар талқыланды. Бүгінде «Қаражанбасмұнай», «Шұбаркөл көмір», «Еуроазияттық энергетикалық корпорация», «ССКӨБ», «Қазхром» ТҰК», «Қазақстан алюминиі», «Қазақстан электролиз зауыты» сияқты ірі кәсіпорындар және басқа да ұйымдармен жұмысшы кәсіп мамандары отбасыларының тұрмысын жақсарту жұмыстары басталды», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бектенов жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарға арналған ипотекалық және жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін атап өткен.