Ол түркі елдері әйелдерінің біріккені абзал дейді
Түркі мемлекеттерінің кәсіпкер әйелдер кеңесіне Қырғызстаннан келген делегацияның басшысы Айжан Чиныбаева түркі әлемінің әйелдерін біріктірудің маңызы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз бүгін әртүрлі елдерден жиналып отырмыз. Себебі, әйелдер әлем бойынша түрлі салада, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында кәсіппен айналысып жүр. Ал қазір біз белсенді түрде цифрлық бағытта да жұмыс істеп жатырмыз. Түркі сауда-енеркасіп палатасынын бас хатшысы Ләззат Рамазанова біздің басымызды қосты. Бұл форум біздің елдерді интеграциялайтын тағы бір платформаға айналды»,- дейді Чиныбаева.
Оның айтуынша, елдердің экономикасы қарқынды дамуы үшін бизнеске әйелдердің қатысуы аса маңызды.
«Біздің елдердегі халықтың тең жартысы – әйелдер. Қазір Орталық Азия елдеріндегі өзіміздің құрбыларымыз, бір бағыттағы әпкелеріміз бар. Біз бірлескен жобаларды талқылаймыз. Үш жыл ішінде бізде өзара келісімдер де орнады. Біздің елдерімізде бірегей тарих болса да, түркі әлемінде біргеміз. Сондықтан осы салада әлем елдерін біріктіргіміз келеді. Цифрлық трансформация арқылы ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, білім, ғылым саласын дамытуға ат салысамыз»,- дейді Айжан Чиныбаева.
Еске салсақ, биыл «AMANAT» партиясының жанынан құрылған әйелдер қанатының құрылғанына бір жыл толып отыр.