$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда банктер туралы жаңа заң қабылданады

Қазіргі қолданыстағы заң отыз жыл бұрын пайда болған 

Қазақстанда банктер туралы жаңа заң қабылданады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға банктер туралы жаңа қажет екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды», - деді  президент ел халқына жолдауында. 

Тоқаев республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатқанын ашық айтты. 

«Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#банктер #қаржы