$ 492.14  528.85  5.01
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қытай біз үшін мұхит іспеттес»: Олжас Бектенов Жетісуда не деді

Премьер-министр Жетісу облысындағы ірі логистикалық нысандарды аралады

«Қытай біз үшін мұхит іспеттес»: Олжас Бектенов Жетісуда не деді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары барысында өңір экономикасының 7%-ын құрайтын көлік-логистика саласының дамуымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жетісу облысындағы автомобилдің жүк тасымалы екі есеге ұлғайған. Бектенов аймақтағы Nur Zholy Customs Service халықаралық көлік-логистика орталығында көліктерді автоматты түрде есепке қоятын жүйемен танысқан.

«Сондай-ақ премьер-министр «Алакөл» кеден бекетінің қызметімен, жүк көлік құралдарын тасымалдаудың қолданыстағы схемасымен және өткізу бекетін жаңғырту барысымен танысты. Бекеттен тәулігіне енді  1000 көлік өте алады. Нысан биыл қыркүйек айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады үкіметтің сайты.

Дереккөзге сүйенсек, Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты тауар айналымы 30%-ға артып, $31,5 млрд-қа жетті.

«Біз Қазақстанның теңізге шыға алмайтынын жиі айтамыз, алайда Қытай біз үшін мұхит іспеттес. Осы бағытта күш-жігерімізді біріктіріп, тұтас транзиттік қозғалысты қамтамасыз етуіміз керек. Біз транзиттік дәлізді өте белсенді дамытып жатырмыз: Әзербайжан, Грузиядағы әріптестерімізбен келісімдер бар. Әрі қарай да жұмыс істейміз. “Достық – Мойынты” теміржол қатынасын кеңейту дамуға жаңа серпін береді. Біз бизнестің кеңейтуге дайын екенін көріп отырмыз, әлі де қаражат салуға ниет етушілер бар. Мұның бәрі транзиттік жүк көлемін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары