Заңнамаға өзгерістер енбек
Елімізде мемлекеттік бюджет есебінен салынатын нысандарға отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануды бақылайтын комиссия құрылмақ. Azattyq Rýhy тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан «Бұл өзгеріс тұрғын үй бағасының арзандауына ықпал ете ме?» деп сұрады.
Министрдің сөзінше, қазақстандық құрылыс материалдарының бағасы импорттық тауарлардан гөрі арзан болса, ол сәйкесінше үйдің арзандауына әсер етеді.
Бұған дейін Қанат Шарлапаев отандық кәсіпорындарды қолдау аясында пысықталып жатқан заңнамалық өзгерістерді таныстырған болатын.