Алматыда тамақ өнеркәсібінің өсу қарқыны байқалады
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматыда тамақ өнеркәсібі өндірісінің өсу қарқыны қалпына келіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметі бойынша, азық-түлік өндірісінің индексі биыл жыл басынан бастап 84,6%-дан 88%-ға, сусындар 56,9%-дан 87%-ға дейін өсті.
Жалпы, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібінің 5% деңгейінде өсуі болжанып отыр. Бұл ретте Алматының өңдеу өнеркәсібінде ең үлкен үлесті автомобиль жасау – 34,8%, тамақ өнімдерін өндіру – 18,3% және сусындар – 5,8% иеленді.