Доллар бағамы бір айда 27,9 теңгеге өскен
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 475,18 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
28 маусымнан бастап доллар бағамы 3,72 теңгеге, бір айда 27,9 теңгеге өскен.
Ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 474,5-474,8 теңгеге сатып алынады. 476-477,5 теңгеге сатылып жатыр.
Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5,5% әлсіреді. Ұлттық банк БЖЗҚ үшін 293 млн АҚШ долларын сатып алды.