Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 465,52 теңге
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,69 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 465,52 теңге. Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 463,77 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,31 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 465,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 467,9 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463 теңге, сатып алу құны – 468 теңге.
Ресей рублі 5,15 - 5,37 теңге аралығында саудаланып жатыр.