Brent маркалы мұнайдың баррелі 17 долларға дейін арзандады

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай баға соңғы 18 жылда тіркелмеген

Brent маркалы мұнайдың 1 баррелі 17 долларға дейін құлдырап кетті. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2001 жылдың 19 қарашасында тіркелген деп жазады РИА Новости.

2020 жылдың маусым айына түзілген бағаға сәйкес, Brent маркалы мұнай барреліне 17 долларға әзер жетіп, 2001 жылғы антирекордты қайталаған. Нұр-Сұлтан уақытымен 9:42-де оның құны 12,62 пайызға арзандап, барреліне 16,89 долларға сатыла бастады.

Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ-тың энергетикалық компаниялары Федералды қор жүйесінен 600 млрд доллар несиенің талаптарына өзгеріс енгізуді сұраған болатын. Компаниялар аталған қаражатты қарыздарын жабуға қолданғысы келетіндерін айтқан.