Кәсіпорында 50 тігінші жұмыс істейді
Алматы облысында медициналық масканың тапшылығын жою мақсатында Талдықорғанда жаңа кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Медициналық бетперде тігумен айналысатын «Техно Авиа Груп» компаниясында 50 тігінші күніне 30 мың маска тігіп шығарады. Жалпы аумағы 490 шаршы метрді құрайтын өндіріс орнында құны 28 млн теңгенің әмбебап тігін машиналары орнатылған. Олар түрлі қалыңдықтағы материалдарды тігуге арналған.
«Қазіргі уақытта мұнда бір реттік қолданылатын 3 қабатты медициналық бетперделер тігілуде. Алдағы уақытта бірнеше рет пайдалануға болатын трикотажды маскалар, халаттар, комбинезондар, алжапқыштар, қолғаптар, жұмыс күртешелері және тапсырысқа байланысты тағы да басқа киім-кешек түрлерін тігу жоспары бар», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.