«Арқалықты құтқаруға кеш қалдық»: Депутат моноқалалардың мәселесін көтерді

Автор: Azattyq Rýhy

Оның айтуынша, Қазақстанда орташа есеппен 30 ірі кен орнының қоры таусылуға жақын

Фото: facebook.com/Аркалык city

Мәжіліс депута, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында бір ғана кәсіпорынға тәуелді моноқалалар мен кенттердің мәселесін қозғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, Қазақстанда 20 моноқала бар, фабрикалық кенттердің саны одан көп. Бұлар тек тау-кен қазу секторындағы мәлімет.

«Осы мекендердің сол қаланы қалыптастырушы кәсіпорындарға деген тәуелділігі шикізатқа байланған жағдайымызды күрделендіріп отыр. Өйткені, қазір Қазақстанда орташа есеппен 30 кен орны әбден қазылып біткен деңгейде деуге болады. Оның аумағындағы ондаған елді мекеннің, тау-кен қазу секторында жұмыс істейтін мыңдаған отбасының тағдыры осы кәсіпорындарға тәуелді», - дейді ол.

Депутаттың айтуынша, қаланы қалыптастыратын кәсіпорындарды жабу негізгі халықтың бірдей табыстан айырылуына, кірістің төмендеуіне, қызмет көрсету, шағын және орта кәсіп саласындағы жағдайдың құлдырауына әкеп соқтырады. Алдымен білікті мамандар көшеді, артынан жалпы халық көшеді.

«Орнына кәсіпорын ашпай, жұмыс орнын құрмай тұрып Арқалықтағы кен орны жабылған соң бұл қаланың тағдыры қандай болғанын білеміз. Ол туралы Парламент депутаттары талай рет айтып, талай рет табыл қаққан еді», - дейді депутат. 

Жалпы, Екатерина Смышляева атап өткендей, шикізатқа тәуелді елдер бұл мәселені үш жолмен шешеді:

-елді-мекенді жауып, адамдарды көшіреді;

-экономиканы алдын ала әртараптандырады;

-мемлекет пен бизнестің міндеттемелері арқылы кен орының қызмет көрсету мерзімін ұзартады.

«Алайда, мемлекет бұл шаралардың біреуін кен орны таусылмай тұрып, шамамен 10 жыл бұрын қолға алады. Біраз кен орны бойынша біз кешігіп қалдық, сондықтан, шұғыл шара қолдану керек. Ал, кейбір елді мекендер бойынша мәселені алдын ала шешуге болады. Жуырда өткен үкімет сағатында әріптестерім Өнеркәсіп министрлігіне осы моноқалалардың тағдыры туралы сұрақ қойған. Алайда, «мәселе былай шешіліп жатыр» деген нақты жауап ала алмады», - деген депутат үкімет басшысына бірнеше ұсыныс білдірді.

Бірінші. Алдағы 10 жыл ішінде өңделуі тоқтайтын кен орындарын үнему мониторингтен өткізу керек.

Екінші. Жер қойнауын пайдаланатындарды кешенді жұмыс істеуге міндеттеу керек.

Үшінші. Алдағы он жылда қоры таусылатын кен орындарының жанындағы елді мекендердің экономикасын әртараптандыру үшін жол карталарын әзірлеу керек.

Төртінші. Сол елді мекендер үшін еңбек нарығының болжамын жасау керек.

Бесінші. Қоры таусылуға жақын қалған елді мекендерде кен орындарын қазудың мерзімін ұзартатын шаралар қабылдау керек.