Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 443,37 теңге
Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,14 теңгені құрап, 0,77 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық Банкінің 3 мамырдағы доллар үшін ресми бағамы 443,37 теңгені құрайды.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, осы сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 444,64 теңгеге, сату – 445,9 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 442,02 теңгеден сатып алынады, 446,99 теңгеден сатылады.