Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: facebook.com/Kanat.I.Nurov

Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ал осы лауазымда болған Рустам Жүрсінов Президенттің өкімімен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.