Қазақстанда доллар бағамы төмендеп келеді

Автор: Аманалина Тоғжан

29 наурыздағы Ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 448,15 теңгені құрайды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 446,78 теңгені құрап, 1,34 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

29 наурыздағы ҚР Ұлттық Банкінің бір доллар үшін ресми бағамы 448,15 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, осы сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 447,86 теңгеге, сату – 449,29 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 446,97 теңгеден сатып алынады, 451,98 теңгеден сатылып жатыр.