Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 451,27 теңге
Қазақстан қор биржасында 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,25 теңгеге көтеріліп, 451,27 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық банк еуроның бағамын 489,06 теңге, рубльді 4,88 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 451,7-453,7 теңгеге, еуро 491,5-495,5 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,87 теңгеге сатылып жатыр.