Мереке алдындағы доллар бағамы қандай?

Автор: Аманалина Тоғжан

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 451,08 теңге

Фото: freepik.com

ҚР Ұлттық банкінің 20 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 451,08 теңгеге тең, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Ресей рублінің орташа бағамы - 4,88 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматының айырбастау пунктерінде АҚШ валютасы 451, 2 – 452, 1 теңгеден саудаланып жатыр. 

Ал Астанада 449 – 454 теңге аралығында.

Айта кетейік, кеше 19 наурыздағы Kase қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,72 теңгеге қымбаттап, 451,02 теңге болған еді.