Қазақстанда доллар бағамы тағы өсті

Автор: Аманалина Тоғжан

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 451,08 теңге

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,78 теңгеге көтеріліп, 451,08 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық банк еуроның бағамын 489,69 теңге, рубльді 4,89 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449,9-451,9 теңгеге, еуро 489-493 теңгеге, ресей рублі 4,79-4,91 теңгеге сатылып жатыр.