Қырғыз Республикасында теңгенің құны өсті

Автор: Аманалина Тоғжан

Ал АҚШ доллары тұрақты қалпында тұр

Фото: freepik.com

Өткен демалыс күндері Қырғыз Республикасында еуро мен қазақ теңгесінің бағамы біршама өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24.kg-ге сілтеме жасап.

Бүгін Қырғыз астанасының айырбастау пунктері мен коммерциялық банктері еуроны 97,4-97,6 сомнан сатып алып, 98,3-98,6 сомнан сатып жатыр. Номиналды бағамды Ұлттық банк – 97,4068 (0,23 пайызға өскен) белгіледі. Ал қазақ теңгесі 0,138-0,14 сомнан сатып алынып, 0,205-0,21 сомнан сатылып жатыр. Ресми курс – 0,2 сом (өсім 0,1 пайыз).

Ресей рублі керісінше арзандады. Сатып алу бағамы – 0,96-0,98 сом, сату – 0,995-1 сом. Номиналды курс - 0,9873 сом (0,12 пайызға төмендеді).

АҚШ доллары тұрақты қалпында тұр. Оны 89,3-89,43 сомға сатып алып, 89,7-89,72 сомға сатып жатыр. Ресми бағамы – 89,43 сом.

Аударған: Айжан ТЕМІРХАН