Зейнетақы қорының шотына биыл кәмелетке толған балаларға 30,6 млн доллар аударылды

Azattyq Rýhy

18 жасқа дейінгі балаларға 696 млн доллар аударылған

Зейнетақы қорының шотына биыл кәмелетке толған балаларға 30,6 млн доллар аударылды
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов ҚР Үкіметі отырысында инфляцияның баяулайы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында бағдарлама операторы саналатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әділет министрлігінің деректер базасымен балалардың жалпы санын салыстырып тексерді. Барлық балаға валюталық шоттар ашылды. Өмірге жаңа келген балаға шот ашу процесі автоматтандырылды. Жыл сайын қаражат аудару механизмі әзірленді. Биыл барлық баланың шотына 696 млн доллар есептелді. Осы жылы бағдарлама операторының (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының) шотына 2024 жылы кәмелетке толған балаларға 30,6 млн доллар аударылды»,- деді ол.

Баймағамбетов атағандай, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері оң қарқынды көрсетуде.

«Олар қаңтар айында 18,1 трлн теңгеге дейін 1,5%-ке өсті. Жыл басынан инвестициялық табыс көлемі 112,6 млрд теңгені құрады. Зейнетақы жарналары 186,9 млрд теңге, ал жарнаны мерзімінен бұрын алу сомасы 34,0 млрд теңге болды»,- деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.