$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Карталық операциялар бойынша максималды банкаралық комиссия 1% болады

Ондай жағдайда банктер кәсіпкерлерден сауда-саттықтағы комиссияны аз талап етеді

Карталық операциялар бойынша максималды банкаралық комиссия 1% болады
Фото: freepik.com

Карталық операциялар бойынша максималды банкаралық комиссия 2024 және 2025 жылдар ішінде кезең-кезеңімен төмендетіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық банктің өкілі Әсем Мадиярованың айтуынша, егер шынымен де Visa, Mastercard, UnionPay секілді төлем жүйелері карточкалық операциялар бойынша ұсталатын банкаралық комиссияны түсіретін болса, онда банктер де кәсіпкерлерден сауда-саттықтағы комиссияны аз талап етеді.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан және 2025 жылдан бастап карточкалық бизнесте банкаралық комиссия екі есе қысқарады. Біздің жоспарымыз бойынша, биыл ол 1,5%-ға, ал келер жылы 1%-ға пайызға дейін төмендеуі керек. Сол кезде банкаралық карточкалық транзакциялар үшін максималды комиссия 1% ғана болады», - дейді Әсем Мадиярова.

Серіктес жаңалықтары