Қазақстанда 7 мыңнан аса адам банкрот деп танылған

Автор: Аманалина Тоғжан

4 мыңға жуық адам 5 жылдан аса несиесін төлемеген

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда 7 мыңнан аса адам банкрот деп танылған. Олардың банк алдындағы қарызы 844 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жалпы, 4 мыңға жуық адам 5 жылдан аса несиесін төлемеген, енді олардың қарызы жойылды.

Банкрот деп танылған азаматтардың ең егдесі 79 жаста, ал ең жасы 20-да. Ал орташа жасы - 43. Статистикаға сәйкес, банкрот деп әйелдерге қарағанда ерлер көп тіркеліп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.