Қор нарығында доллар бағамы қайтадан өсті

Автор: Аманалина Тоғжан

Бүгінгі доллар бағамы - 471,87 теңге

Фото: marionetki.net

Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бір теңгеге шаққанда 1,65-ке көтеріліп, 471,87 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28-30 қазандағы ресми бағамы долларға 470,30 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 473,04 теңгені, сатылымы 475,50 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 470,92 теңгеден сатып алынып, 475,98 теңгеден сатылып жатыр.