Қор нарығында доллар күрт қымбаттады

Автор: Аманалина Тоғжан

Ұлттық банктің 27 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 476, 89 теңге

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар қымбаттады. Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде АҚШ доллары 476 – 480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қор нарығында 26 қыркүйек кешке өткен сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 3,06 теңгеге қымбаттап, 477,05 теңге болды.

Ұлттық банктің 27 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 476, 89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанада 1 доллар 476 – 480 теңгеден саудаланып жатыр. Ал Алматыда шетел валютасы 476,5 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.