Қор нарығында доллар қымбаттады

Автор: Аманалина Тоғжан

Ақша айырбастау орындарында доллар 464,5-467,5 теңге аралығында сатылып жатыр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,15 теңгеге қымбаттап, 467,29 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Еуро бағамын Ұлттық банк еурода – 500,07 теңге, рубльді – 4,85 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464,5-467,5 теңге, еуро 498-502 теңге, ресей рублі 4,73-4,93 теңге аралығында сатылып жатыр.