Өткен аптада әлеуметтік тауарлар бағасы арзандады - Ұлттық статистика бюросы

Автор: Аманалина Тоғжан

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді

Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1% төмендеді, ал жылдық мәнде 6,2% өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 12 қыркүйек/:

  • Сүт, 2,5% – 377 тг/кг
  • Күріш – 470 тг/кг
  • Қырыққабат – 170 тг/кг