Сарапшылар мұны сұраныстың азаюымен байланыстырады
Екінші деңгейлі нарықтағы баспана тағы арзандады. Бұл әсіресе, соңғы 5 айда байқалып, пәтерлердің құны 5 пайызға дейін түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Бағаның төмендеуін 17 қаланың 12-сінен байқауға болады. Екінші нарықтағы үйдің ең арзаны – Қызылордада. Мұнда бір шаршы метр баспана 234 мың теңге. Ал ең қымбат пәтер Алматы қаласында. Баспананың әр шаршы метрі 703 мың теңге деп бағаланған.Сарапшылар мұны сұраныстың азаюымен байланыстырады.