Сәтқалиев өз министрлігінің 1 млн теңгеге кресло сатып алуына пікір білдірді

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол 15 қызметкерге орындық алынғанын айтты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Үкімет кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның 1 млн теңгеге кресло сатып алуына пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сіздің министрлік млн теңгеге кресло сатып алғаны туралы ақпарат шықты. Мәліметті нақтылап айтып бере аласыз ба?», - деп сұрады журналист.

Министрдің айтуынша, бұл - жоспарланған сатып алу шарасы.

«Мен бұл жерде қандай сенсация бар екенін білмеймін. 1 млн теңгеге орындығы қирап біткен қызметкерлерге 15 кресло сатып алынған. Сол ескірген орындықтарды ауыстырдық», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ, ол сатып алынған әр креслоға 75 мың теңге төленгенін айтты.

«Бұл жоспарлы шара болатын. Қызметкерлерімнің қосымша беріп жатқан мәліметі бойынша 9 жыл бойы пайдаланылған креслоларды жаңаладық», - деді министр.

Авторы: Аягөз Құрмаш