Бірқатар салада жұмысшылар санының азайғаны байқалады
2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,6 млн адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюросының мәләметінше, бүгінде елімізде 6,9 млн адам жалдамалы жұмыс түрімен қамтылған болса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,2 млн-ға жеткен.
Салалар бойынша жұмыспен қамтылғандардың үлесі:
«Өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жұмысшылар санының азаюы ауыл шаруашылығында байқалған – 19 мың адамға, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша – 18,9 мың адамға, құрылыста – 9,5 мың адамға, өнеркәсіпте – 7 мың адамға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету бойынша – 6,4 мың адамға, өнер және ойын-сауықта 6,3 мың адамға азайған», - дейді сарапшылар.
Қалған өзге салаларда қызметкерлер саны керісінше өскен.