Ең жоғары көрсеткіштер 4 өңірде анықталды
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жыл басынан бері қанша шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Биылғы қаңтар-шілдеде 8,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ке жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау және Абай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында байқалды.Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 2,6%-ке ұлғайды. Саладағы өндірістің өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары көрсетті», - деді Қуантыров.
Оның айтуынша, 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай әртүрлі.
«Барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 6 өңірде – Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды», - деді ол.
Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылды:
Авторы: Аягөз Құрмаш