Ақша айырбастау орындарында доллар 446,5-449,5 теңге аралығында саудаланып жатыр
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 448,31 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 63,47 теңге (-0,40) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 485,89 теңге, рубльді 5,61 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 446,5-449,5 теңге, еуро 483-487 теңге, ресей рублі 5,5-5,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 19 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.