Қор нарығында доллар қымбаттады

Автор: Azattyq Rýhy

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 451 теңге

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,35 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 451 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,52 теңге.

Ұлттық банктің 18 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448, 41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 451 теңге, сатып алу – 454 теңге.