Ақша айырбастау орындарында доллар 449-453 теңгеден сатылуда
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 449,86 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 65,38 теңгені (-0,15) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 494,92 теңге, рубль – 5,52 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 449-453 теңге, еуро – 493-499 теңге, ресей рублі – 5,45-5,7 теңгеден сатылып жатыр.