Бұйрық бүгін жарияланады
Қазақстанда 12 сәуірден бастап бензин мен дизель отыны қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Бүгін бұйрық жарияланады. Ол өз күшіне 12 сәуірде енеді. Яғни, сол кезден бастап жанармай мен дизель отыны қымбаттайды», - деді министр.
Министр атағандай, бензин бағасы соңғы 1,5 жылда өзгермеген.