Мұнайдың әлемдік бағасы құлдырады

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай баға 2017 жылы болған

Brent маркалы мұнайдың баррелі 47,92 $-ға дейін төмендеді. Бұл 2017 жылға тән құбылыс. Себебі, екі жыл бұрын мұнайдың бұл түрі $ 47,01 саудаланған, деп хабарлайды РБК.

«5 наурызда ОПЕК-ке мүше елдер  мұнай өндіруді 2020 жылдың соңына дейін тәулігіне 1,5 млн баррельге қысқартуды ұсынғалы жатыр.  Дегенмен, Ресей тарапы бұл бастаманы  әзірше қолдаған жоқ. Әрі  мұнай өндіруді қосымша қысқартуға дайын емес»,- деп жазады ақпарат агенттігі.

ОПЕК елдері  мұнай өндіруді қысқарту туралы уағдаласса, мұнайдың баррелі $50 доллардан жоғарылауы тиіс деген болжам бар.