Доллардың биржалық бағамы 3 теңгеге өсті

Автор: Әйгерім Ердәулет

Долларының орташа бағамы 451,71 теңге болды

Фото ашық дереккөзден

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,44 теңгеге қымбаттап, АҚШ долларының орташа бағамы – 451,71 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бір тәулікте доллар бағамы 3,44 теңгеге қымбаттаса, бір айда – 10 теңгеге өскен.

Қазір Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар 449,5 теңгеден сатып алынады, ал 450 теңгеден сатылып жатыр.