Бүгінге дейін 18 мыңнан астам арыз келіп түскен
2023 жылдың 3 наурызынан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталды. Арыздар негізінен е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильдік қосымшасы арқылы түсіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың мынадай шарттарға сәйкес келуін тексереді:
Тексеріс автоматтандырылған нысанда тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық деректері базасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жекелеген азаматтардың банкроттықты қолдана алмайтындығы келесі себептермен анықталды:
Ол азаматтардың телефонына 1414 қызметі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
Егер мұндай хабарлама алынған болса, соттан тыс банкроттыққа қойылған өлшемдерге сәйкес келсе 3 айдан кейін қайта өтінішпен жүгінуіне болады.
Бас тарту себептерін жою үшін тиісті уәкілетті органга жүгіну қажет:
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, егер борышкерге мүлкінің болуына байланысты соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартылған жағдайда, ол тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану үшін жүгінуге құқылы.