Ұлттық банк бүгінгі теңге бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 30 желтоқсанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни жұма күні доллар бағамы 460,98 теңге, рубль 6,43 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, күні кеше 1 доллар құны – 461,23 теңге, рубль бағамы – 6,49 теңге болған.
Kurs.kz-тің мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464-469 теңгеден сатылып жатыр.