Қазір ең төменгі жалақы - 60 мың теңге
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге өседі. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Елімізде 1,8 миллионға жуық адам ең төменгі жалақыға күн көріп отыр.
«Биыл инфляцияның жоғары деңгейі халықтың табысына теріс әсерін тигізіп отыр. Бұған қоса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін өсірілетін болады»,-деді вице-министр.
Қазақстандағы ең төменгі жалақының артатынын Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында да мәлім еткен еді. Былтыр да Президент 42 500 теңге жалақының 60 мың теңгеге көбейетінін айтқан.