ҚР Ұлттық Банкінің 7 желтоқсандағы ресми бағамы бір доллар үшін 472,33 теңге
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 473,54 теңгені құрап, 1,54 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Kurs.kz.сайтында ақпарат бойынша дәл қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 474,41 теңгеге, сату – 478,06 теңгеге тең.
Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 472,74- 476,04 теңгеден саудаланып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2 желтоқсанда KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,73 теңгеге, 5 желтоқсанда 0,06 теңгеге, 6 желтоқсанда тағы 3,07 теңгеге өсті.