Қазақстанда теңгелік депозиттер бойынша мөлшерлемелер көтерілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады

© elements.envato.com

Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін көтергеннен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың қаңтарына арналған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шекті мөлшерлемелерді қайта қарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Шекті мөлшерлемелердің жаңа мөлшері осы жылдың 6 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі. ҚДКБҚ екінші деңгейлі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өзгерту туралы шешімді дербес түрде қабылдайтынын атап өтті», - делінген ҚДКБҚ хабарламасында.

Депозиттердің түріне және мерзіміне байланысты ҚДКБҚ-ның ең жоғары мөлшерлемелерімен төмендегі кестеден танысуға болады: