Теңге қайтадан нығая түсті

Автор: Әйгерім Ердәулет

ҚР Ұлттық банкінің 16 қарашадағы ресми бағамы 1 доллар үшін 460,99 теңге

Фото: ашық дереккөзден

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан қор биржасының күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,44 теңгеге төмендеп, 459,35 теңгені құрады.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматының ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алу – 459 теңге, сату – 465,05 теңге.

Ал Астананың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 461,31 теңгеден сатып алынып, 465,30 теңгеден сатылып жатыр.