Қытай юані құлдырады

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар Alibaba, JD және Meituan сынды аса ірі технологиялық компаниялардың акциялары 11 % астамға құлдырады

фото: Ng Han Guan / AP

Қытай валютасы бағамы 2008 жылдан бері ең төменгі деңгейге түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап. 

Дүйсенбі күні Гонконге юань бағамы 2008 жылдан бері ең төменгі деңгейге дейін құлдырады. Саудаға шығарылған Қытай акциялары біріктіретін Hang Seng China Enterprises индексі 7% астамға құлдырады. Бұл Hang Seng China Enterprises индексі құрылғаннан бергі ең нашар нәтиже. Мұндай жағдай Қытай компартиясының съезіне келген Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы және президиум мүшесі Ху Цзиньтао залдан шығарылғаннан кейінгі келесі күні тіркеліп отыр.