Мұнай бағасының түсуіне Қытайдағы COVID-19 вирусының өршуі әсер етіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде Brent маркалы мұнай барреліне 2% - ға түсіп, 94,29 долларға дейін арзандады

Фото: ашық дереккөзден

Мұнай бағасы 2% - ға төмендеді. Өйткені, Қытайдағы COVID-19 вирусының өршуі мен әлемдік экономиканың құлдырауы жаһандық сұранысты төмендетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  Reuters.com-ға сілтеме жасап.

Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасс пен Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева дүйсенбіде жаһандық рецессия қаупінің артуы туралы ескертті және инфляция әлі де жалғасып жатқан мәселе екенін айтты.

Бүгінде Brent маркалы мұнай барреліне 1,90 долларға немесе 2% - ға түсіп, 94,29 долларға дейін арзандады. Ал WTI маркалы американдық мұнай 1,78 долларға немесе 2% - ға түсіп, 89,35 долларға дейін арзандады.