Қымбатшылық әсіресе, Маңғыстау облысында байқалады
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қыркүйегінде азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 22,2% - ға өсті. Азық – түлік емес тауарлар 17% - ға, ал ақылы қызметтер 12,3% - ға қымбаттады. Жалпы жылдық инфляция 17,7% - ға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі LS агенттігіне сілтеме жасап.
Қымбатшылық әсіресе, Маңғыстау облысында байқалады. Мұндағы инфляция көрсеткіші – 21,7% және Астанада – 20%-ға жеткен. Алматыда бұл көрсеткіш 17,3% - ға тең.
Тауарлар арасында А4 қағазы екі есе қымбаттады. Ал құмшекер - 80,8%, кір сабын - 68,9% - ға шарықтаған.
Тамызбен салыстырғанда инфляция қыркүйекте 1,8% - ға өсті. Атап айтсақ, ақылы қызмет құны - 2,7% - ға көтерілген. (тамызда 1,6% - ға өскен). Ал азық – түлік емес тауарлар 1,9% - ға қымбаттады. (тамызда-1,8% -ға өскен). Азық-түлік тауарлары -1,2% – ға (тамызда-1% - ға) шарықтаған.
Азық – түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттарға баға 5% – ға, жуу және тазалау құралдарына – 4,4% - ға, жеке пайдалануға арналған тауарларға-2% - ға, киім мен аяқ киімге-1,9% - ға өсті. Отын 3% – ға, тас көмір 2,9% – ға, баллондарда сұйытылған газ 1,5% - ға қымбаттады.
Азық – түлік тауарлары бойынша жұмыртқа бағасы 7,5% – ға, күнбағыс майы – 4,6% – ға, күріш, макарон өнімдері – 4,1% - ға, тоқаш және ұн өнімдері-3,8% - ға, жарма-3,2% - ға, кондитерлік өнімдер-3,1% - ға өсті. Баға жаңа піскен көкөністерге – 10,2% – ға, картопқа-8,5% – ға, түйіршіктелген қантқа – 5,2% - ға, жаңа піскен жемістерге-3% - ға түскен.