Бұл тізімде Түркістан облысы көш бастап тұр
Жергілікті бюджет шығысы 213 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«36 млрд теңге игерілмеді. Жергілікті бюджеттерге мақсатты трансферт көлемі биыл 1 трлн 526 млрд теңгені құрады», - деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, биыл қаңтар айында 18 млрд теңге бөлінген. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның 65,4 %-ы, яғни, 12 млрд теңгесі игерілсе, 5,9 млрд теңге сол күйі жаратылмаған.
«Негізгі себеп – қаржыландыру жоспарының өзгеруі, жасалған төлемдерді растайтын құжаттардың болмауы, аванстық төлемдердің азаюы және атаулы әлеуметтік көмек ережелеріне өзгерістің енгізілуі», - деді Қаржы министрі.
Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, қаржы ең көп игерілмеген өңірлер арасында Түркістан облысы (2,8 млрд теңге), Нұр-Сұлтан қаласы (1,6 млрд теңге) мен БҚО (0,6 млрд теңге) көш бастап тұр.