Қазақстанда бір жылда үй бағасы 25 пайызға қымбаттаған

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда бір жылда үй бағасы 25 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

"Бір жылда (былтырғы және биылғы шілде айларын салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,4%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6% артты. Тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8% өсті", - деп жазылған хабарламада.

Аймақтар бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық көрсеткіште қымбаттағаны байқалады. Мәселен, Ақтөбеде – 32,5%, Нұр-Сұлтанда – 27,6%, Өскеменде 26,1%-ға өскен.

"Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары – 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5%-ға қымбаттады", - деп жазылған хабарламада.