ҚДКБҚ теңге депозиттері бойынша ең жоғарғы мөлшерлемелерді көтерді

Автор: Azattyq Rýhy

Өзгерістер 2022 жылдың 26 шілдесінде күшіне енеді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлемелерді көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін ұлғайтқаннан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілде және тамыз айлары үшін барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді», - делінген ҚДКБҚ хабарламасында.

Өзгерістер 2022 жылдың 26 шілдесінде күшіне енеді, сол күннен бастап банктер депозиттік өнімдері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.