Бұған дейін Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ҚДБ ұзақ мерзімді рейтингін тұрақты болжаммен «BBB» деңгейінде растаған
Moody 's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Baa2 деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингтерін растады. Рейтинг бойынша болжам «тұрақты» болып өзгертілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Moody's сарапшылары осы рейтингтік әрекеттің ҚДБ үшін 2022 жылғы 18 қаңтарда басталған рейтингтерді төмендетуді қарастыру үдерісінің аяқтайтынына назар аударды.
Агенттіктің деректері бойынша ҚДБ рейтингтерін растау «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы Қазақстан Үкіметі тарапынан ҚДБ-ның сыртқы қолдау ықтималдығына қатысты белгісіздіктің төмендеуін көрсетеді. Moody's сарапшылары белгісіздіктің төмендеуі даму институты жүзеге асырған трансформациялық өзгерістерге, атап айтқанда компанияның жоғары басшылығындағы кадрлық тағайындауларға, сондай-ақ несие саясатын қайта бағдарлауға байланысты деп санайды.
Бұдан басқа, ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша тұрақты болжам Moody's-тің капиталдандырудың жоғары деңгейі, тұрақты кірістілік және жоғары өтімділік жиынтығының неғұрлым жоғары инфляция жағдайында активтер сапасының төмендеу және қаржыландыру шарттарының қатаңдану тәуекелдерін теңгереді деген үміттерін көрсетеді.